Тілі бірдің - тілегі бірFarabi University

Тілі бірдің - тілегі бір

6 қыркүйек, 2024

Қазақстан халқы тілдері күні еліміздегі маңызды да рухани мерекелердің санатында. Қазақстанда басты ұлт құраушы Қазақ халқы мен өзге де 130-ға жуық диаспоралар мекендегендіктен «Қазақстан халқы тілдері күні» барлығы атап өтетін ауқымды мереке.

Сондай мерекелік іс-шараның бірін География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тілі бірдің-тілегі бір» тақырыбында 4 курс студенттері 1 курс студенттеріне арнап және оқытушыларының қатысуымен өткізді.

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы университеттегі ең үлкен кафедраның бірі, 1366 бакалавр, 109 магистрант, 43 PhD докторанттар оқиды. Сондықтан үлкен кафедра болғандықтан «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі әр топ бойынша өткізіледі.

Мерекелік іс-шара ақын Қадыр Мырза Әли ағамыздың

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! - деген өлеңімен ашылды.

Кафедрамыздың ардагер ұстазы Темірбеков Аман Тәжіұлы «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесімен барлық жиналған студеттер мен оқытушыларды құттықтап, еліміздегі көптеген халықтың Қазақ тілінде, яғни мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, тілдің қолданылу аясы кеңіп келе жатқанын айтып, әліде Қазақ тілінің мәртебесін арттыруды және сол арқылы жүзі басқа болсада жүрегі бір, тілі басқа болсада тілегі бір мейірімді де қайырымды халық Қазақстан туының астында тату-тәтті өмір кешетінін түсіндіріп берді.

Кафедра меңгерушісі Айгүл Абдуғаппарқызы Қазақ тілімен қатар ағылшын тілін және басқа да халықтардың тілін еркін біле отырып қазіргі білім мен ғылым саласында үлкен жетістіктерге жететінін тиянақтап айтып өтті.

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 4 курс  студенттерінің «Тілі бірдің-тілегі бір» тақырыбында өткізген мерекелік іс-шарасының соңында тіл туралы өз өнерлерін көрсеткен студенттерге құнды кітаптар мен естелік силықтар тапсырылды және эдвайзерлер Мылқайдаров Әлім Төлекұлы мен Аубакирова Гауһар Болатқызы қорытынды сөз сөйлеп, Тілі бар елдің тұғыры биік, егемендігі мәңгі екенін студент жастарға мысалдар келтіре отырып айтып, тілімізбен мақтанайық, тілімізбен марқайайық, тіл мерекесі құтты болсын деген тілектермен аяқтады.