Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері сенбіліктеFarabi University

Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері сенбілікте

14 қыркүйек, 2024

Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес (ТДМ 3 – Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ 6 – Таза су және санитария), сондай-ақ Green Campus жобасы аясында 11-12 қыркүйекте рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері жалпы университеттік сенбілікке белсенді қатысты. Сенбілік барысында студенттер куратор-эдвайзерлермен бірге университет аумағын абаттандырды және тазартты, өйткені мұндай іс-шаралар жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және экологиялық сана деңгейін арттыруға көмектесетіні белгілі.