Фин метеорологиялық институтымен кездесуFarabi University

Фин метеорологиялық институтымен кездесу

18 қыркүйек, 2024

18.09.2024ж. кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Тұрақты даму мақсаты 13 және ҚР-ның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде Финляндия метеорологиялық институтымен (ФМИ) халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға байланысты кездесті. Кездесуде ФМИ профессор Катя Ловен ФМИ, КазГидромет және ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастық жоспарымен таныстырды. Кездесу барысында кафедра меңгерушісі Г. А. Қуаналиева және профессор Д.Л. Байдельдинов атмосфералық ауаны қорғау саласындағы фин заңнамасына қатысты сұрақтар қойды. Шетелдік профессорлар Финляндияда қолданылатын экологиялық нормалар мен ережелердің ерекшелігі бойынша құнды түсініктемелер бере отырып, осы сұрақтарға негізделген және ұтымды жауаптар берді.