Медеу шатқалындағы ПлоггингFarabi University

Медеу шатқалындағы Плоггинг

19 қыркүйек, 2024

2024 жылғы 19 қыркүйекте Тұрақты даму боыйнша ЮНЕСКО  кафедрасының оқытушылары Халықаралық студенттік спорт күні мен ТДМ 3 - "Жақсы денсаулық және әл - ауқат" аясында "Медеу-Горельник" туристік бағыты бойынша экологиялық жүгіріс (Плоггинг) ұйымдастырды.

Қазақстан Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында қоғамның үйлесімді дамуы ұлт денсаулығын қамтамасыз ету шартымен ғана мүмкін болатынын атап өтті.  Спорт пен таза орта жас ұрпақтың салауатты рухын сақтаудың ажырамас бөлігі болып табылады. 

Халықаралық студенттік спорт күні қарсаңында БҰҰ Халықаралық студенттік спорт Федерациясымен (FISU) бірлесіп, ЮНЕСКО - ның қоршаған ортаға бей-жай қарамайтындар клубының басшысы А.К. Таныбаевамен бірге география факультетінің студенттері үшін эко-турнир ұйымдастырылды.  Плоггинг бүгінгі таңда салауатты өмір салтын ұстанатын және табиғи ортаны сақтау идеяларын қолдайтын жастар арасында үлкен танымалдылыққа ие.   Жарыстың басталуы Медеу таулы кешенінің Денсаулық баспалдағынан басталды.  Эстафетаның мәре сызығы "Горельник" келу орталығында орналасқан. Қатысушылар туристер қалдырған 3 қап қоқыс жинады, олардың көпшілігі пластикалық бөтелкелер мен қағаз қалдықтары болды.   

Іс-шараны ұйымдастырушылар "Экология" ББ 3 курс студенттеріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Спорттық сенбілікті өткізу экологиялық тұрақтылық пен салауатты өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді.