«Біз мамандықты, мамандық бізді таңдайды» кәсіптік бағдар беру кездесуі
19 қыркүйек 2024 жылы "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Бейсекбаев атындағы мектеп -гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен" МКМ-де «Біз мамандықты, мамандық бізді таңдайды» атты кездесу өтті. Кездесуге Балқаш ауданының жоғары қызметте отырған әртүрлі маман иелері шақырылды: Керимова Укиляй Керимовна - Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық аграрлық ғылым академиясының академигі, Базарбаева Жазира Аманкелдіқызы - «Іскерлік әкімшілік жүргізу» білім беру бағдарламасы бойынша EMBA магистрі. Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің аппарат жетекшісі, Өксікбаев Бақытжан Нұртайұлы - «Бақанас аграрлық-индустриалдық колледжі» директоры, Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевна - Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі.
Болашақ маман иелері 9-11 сынып оқушылары шара барысында көптеген мағұлматтар алды. Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Т.А. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің еліміздегі басқа университеттерден артықшылықтарын айта отырып, География және табиғатты пайдалану факультетіндегі мамандықтарға аса назар аударды. Кәсіптік бағдар беру барысында оқушыларға үлестірме материалдар таратылды.
Басқа жаңалықтар


