Жыл сайынғы туристік слётке қатысуFarabi University

Жыл сайынғы туристік слётке қатысу

23 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 21-22 қыркүйек күндері аралығында Аюсай шатқалында Алматы қаласының Туризм басқармасы, «Turclub», «Qazaq National parks» ұйымдастырылуымен «Экосауаттылық, балалар экспедициясы, туристер слёті» тақырыбында плоггинг және туристер слёті ұйымдастырылды.

Слётке А.М. Артемьев, Р.М. Байбуриев, А.А. Бейсахмет, С.А. Моминов және Б.С. Әділбайдың жетекшілігімен рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері қатысты. Рекреациялық география және туризм кафедрасының намысын екі күндік туристік көпсайыста жүлделі орындарға ие болған «Zhastour» және «ҚазҰУ» командалары қорғады. Атап айтқанда, «ҚазҰУ» командасы «шығармашылық» номинациясында бірінші орынды, ал туристердің өнерін бағалайтын «техникалық» спорттық номинациясында үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, ТДМ 15 (Құрлық экожүйелерін сақтау) сәйкес кафедра студенттері плоггинг іс-шарасына белсенді қатысып, тауларды қоқыстан тазартуға қатысты.