⚖️Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың № 18 Студенттер үйіндегі студенттермен “Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, әлеуметтік оптимизм” Жолдауын талқылау⚖️Farabi University

⚖️Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың № 18 Студенттер үйіндегі студенттермен “Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, әлеуметтік оптимизм” Жолдауын талқылау⚖️

30 қыркүйек, 2024

📌 24 қыркүйек 2024 жылы Заң факультетінің   301 топ студенттері және Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары #18-студенттер үйінде Қазақстанда жақында АЭС салу мәселесі бойынша өтетін референдум жайлы іс-шара өткізді. 
🔹  "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" деген тақырыппен халыққа жолдауын жариялаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді деп мәлімдеді. Осыған орай, студенттерге АЭС туралы түсіндіру жұмыстары өткізіліп, көптеген пікірлер айтылды. Студенттер АЭС салудың пайдасы, әлемдік тәжірибе және Қазақстанның болашағы жайлы мәселелер талқылады. 
✔️ Дауыс беру - біздің азаматтық борышымыз екенін ұмытпау жөн. «Ел үшін маңызы бар әрбір қадамды халықтың қолдауына сүйеніп жасау қажет» -  деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай,  6 қазан күні жалпыұлттық референдумға қатысу✔️, қазақ елінің дамуына өз үлесімізді қосу өте маңызды болып табылады.