- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ Ф.Н. ДӘУЛЕТТІҢ АШЫҚ САБАҒЫ ӨТТІ
ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ Ф.Н. ДӘУЛЕТТІҢ АШЫҚ САБАҒЫ ӨТТІ
2024 жылғы 30 қазанда қытайтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ф.Н. Дәулет шығыстану факультетінің оқытушыларына "Көркем аударманың лингвомәдени және лингвокогнитивтік аспектілері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ барысында көркем аударманың төмендегідей өзекті мәселелері қарастырылды:
• Түрлі деңгейдегі лингвистикалық бірліктерді (лингвистикалық лакуналар, фразеологиялық бірліктер, тосын сөздер, грамматикалық және синтаксистік құрылымдар т.б.) аудару ерекшіліктері;
• аудармашының жеке тілдік тұлға ретінде аударманың сапасы мен мазмұнына әсері;
• пәндік-логикалық мазмұнды, түпнұсқа шығарманың стилистикалық және бейнелі элементтерін, сондай-ақ ұлттық менталитет пен мәдениеттің ерекшеліктерін толық жеткізу мәселелері;
• түпнұсқа мәтіндегі барлық элементтерді бір-бірімен байланыстыру және гиперсемантизациялау мәселелері;
• прецеденттік мәтіндерді өзектендіру мәселелері;
• әр түрлі лингвомәдениеттерге қатысты тілдік элементтерді бір мәтінде қолдану мәселелері.
Ашық сабақ барысында "Аударма ісі" мамандығы бойынша оқитын 2-курс магистранттары белгілі қытай жазушысы Лао Шэнің "Ай қиығы" повестінің үзіндісін аудару арқылы өз дағдыларын ортаға салды.
Ашық сабақты қорытындылай келе, профессор Дәулет қазіргі кезеңдегі көркем аударманың өзекті мәселелері деп аударма барысында ұлттық бірегейлікті және авторлық стильді сақтау, сондай-ақ көркем шығарманың мазмұнын берудегі дәлдік, аударма тілінің оқырмандарға жағымдылығы т.б. екенін атап өтті. Сабаққа қатысқан факультет оқытушылары бұл тәріздес ашық сабақтар жас мұғалімдерге тәжірибелі профессорлармен білім алмасуға және тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.
Дәулет Ф.Н.