Цзянси педагогикалық университетінің география және қоршаған орта факультетінің деканы, профессоры Hui Lin көшбасшылық дәрісіFarabi University

Цзянси педагогикалық университетінің география және қоршаған орта факультетінің деканы, профессоры Hui Lin көшбасшылық дәрісі

19 қыркүйек, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жұмыс сапарымен Цзянси педагогикалық университетінің (ҚХР) делегациясы келді.

Делегация құрамында Цзянси педагогикалық университетінің география және қоршаған орта факультетінің деканы, Hui Lin профессоры, Chunling Meng профессоры, Wenjing Yang профессоры, Lizhi Tao профессорының көмекшісі келді.

Сапар аясында қонақтар география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А. С. Ақтымбаевамен кездесті. Декан «Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану» ғылыми орталығында, «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы» Қазақстан-Қытай зертханасында жүргізіліп жатқан факультеттің ғылыми-инновациялық қызметін және табиғатты пайдаланудың тұрақты әдістерін зерделеуге және әзірлеуге бағытталған ағымдағы зерттеу жұмыстарымен таныстырды. PhD докторанттарды даярлау, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, студенттік алмасу мен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру және т. б. саласындағы университеттер арасындағы әлеуетті ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әрі қарай Цзянси педагогикалық университетінің география және қоршаған орта факультетінің деканы профессоры , Hui Lin "«Revitalization of Cultural Heritage» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді.

Айта кету керек, профессор Hui Lin Британдық әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі және Еуразия Халықаралық Ғылым академиясының академигі, географиялық информатика саласындағы қытай мамандары халықаралық қауымдастығының (CPGIS) негізін қалаушы және құрметті президенті, Гонконг Қытай университетінің ғарыш және жер информатикасы институтының негізін қалаушы-директоры. 2012 жылдан бастап ол Халықаралық цифрлық жер қоғамы Қытай ұлттық комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды.

Бұл кездесуді ТДМ жүзеге асырады, соның ішінде ТДМ 4 - сапалы білім; ТДМ 8 - лайықты жұмыс және экономикалық өсу; ТДМ 17 - тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік.