- Басты бет
- Жаңалықтар
- 🟢«Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу» атты тақырыпта Алматы қаласындағы № 208 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел🟢
🟢«Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу» атты тақырыпта Алматы қаласындағы № 208 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел🟢
🗓️30.09.2024 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, «Әділет» клубының мүшелері, 115 топ студенттері БҰҰ🇺🇳 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді мақсаттар» тұрақты даму мақсаттары - 16 аясында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу» атты тақырыпта Алматы қаласындағы № 208 мектеп-гимназиясының🎓 8 сынып оқушыларымен бірігіп дөңгелек үстел өткізді.
💭Іс-шара ашық диалог және пікірталас жүйесінде өрбіді, жиында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды.
🗣️Модератор: қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры, «Әділет» клубының жетекшісі Г.М.Атаханова: Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу қоғамдағы қылмысты алдын алудың маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке қатыса отырып, қоғам мен өмірге адамгершілік көзқарастарын қалыптастыра отырып, жастар қылмыстық әрекеттерді болдырмайтын принциптерде тәрбиеленуі мүмкін деген принциптерді түсіндірді.
👨🎓🧑🎓Дөңгелек үстелде: «Әділет» клубының мүшелері: Әзірханов Арманбек, Болыспек Нұртас, Күмісбек Әділет және мектеп оқушылары баяндама жасады.
🎯Дөңгелек үстелдің мақсаты: Адал ұрпақ, мәдениетті азамат, табысты ұлт тәрбиелеу, ақиқаттың құндылығын мәнін ұғындыру. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу тиімді болу үшін, қылмыстық жауаптылықтың 14 жастан басталатынын, ерте жастан бастап оның қалыптасуын ынталандыру арқасында жасөспірімдердің үйлесімді дамуын қалыптастыру.