Дипломатиялық аударма бойынша мастер-класс, SDG 4, 17

30 қыркүйек, 2024

30 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталығы дипломатиялық аударма бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды. Шеберлік сабағын дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы, синхронды аудармашы Бекова Жансая Қалдыбекқызы жүргізді.

Шеберлік сабағы барысында спикер дипломатиялық аударма саласындағы жұмыс ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп, шынайы өмірден мысалдар келтірді. Әр түрлі университеттер мен курстардың студенттері белсенді түрде қатысып, пікір алмасты. Шеберлік сабағы студенттерге аудармашының халықаралық саладағы қызметінің маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Әсіресе, шеберлік сабақта тұрақты даму мақсаттары, оның ішінде 4-ші мақсат «Сапалы білім» және 17-ші мақсат «Тұрақты дамуды қолдауға арналған серіктестік» мәселелері дипломатиялық аударма арқылы қолдау көрсету тұрғысынан талқыланды.

 

Ұйымдастыруға жауапты: халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доцент м.а Лейла Федоровна Деловарова.