- Басты бет
- Жаңалықтар
- Дипломатиялық аударма кафедрасы ілеспе аудармашы және факультет оқытушысы Бекова Жансая Қалдыбековнаның «Introduction to Diplomatic Translation» тақырыбында шеберлік сабағын ұйымдастырды
Дипломатиялық аударма кафедрасы ілеспе аудармашы және факультет оқытушысы Бекова Жансая Қалдыбековнаның «Introduction to Diplomatic Translation» тақырыбында шеберлік сабағын ұйымдастырды
БҰҰ-ның 4-ТДМ «Сапалы білім беру» аясында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталығы және Дипломатиялық аударма кафедрасы ілеспе аудармашы және факультет оқытушысы Бекова Жансая Қалдыбековнаның «Introduction to Diplomatic Translation» тақырыбында шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Шеберлік сабағы 30 қыркүйек, Халықаралық аудармашылар күні өтті.
Оған «Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма ісі» мамандығының 3 және 4 курс, факультеттің және Тұран Университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттері қатысты. Бекова Ж.К. ілеспе аударма теориясы мен тәжірибесінің мәселелеріне тоқталып, кәсіби тәжірибесіндегі мысалдармен бөлісті. Шеберлік сабағына қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын бекіту үшін практикалық тапсырмаларды да орындады.
Шеберлік сабағы мәдениетаралық диалогтың ерекшеліктері мен оның әлеуметтік бірлік пен әділеттілікке жетудің маңызды факторлары болып табылатын мәдени және тілдік әртүрлілікке құрметті нығайтудағы рөлі туралы жалпы түсінікті қалыптастыруға ықпал етті.