НИНОМИЯ ТАКАШИ МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ
Цукуба университетінен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасына шақырылған профессор Такаши Ниномия 2024 жылдың 27 қыркүйек айында Алматы қаласындағы №127 мектебінде мұғалімдерге «Қазақстандағы шетелдіктер арасындағы қазақ тілінің қолдануы» тақырыбында дәріс оқыды. Такаши Ниномия Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дайындық факультетінде қазақ тілін қалай оқығанын және күнделікті өмірде қазақ тілін қалай қолданатыны жөнінде айтты. Профессор: «Мен қазақтардың орысша және қазақша, яғни бір-біріне мүлдем ұқсамайтын тілдерде мүлтіксіз сөйлейтіндеріне таңғалдым. Сондықтан, мен қазақша сөйлеп тұрсам, оған таңғалатын ештеңе жоқ" – деп айтып өткен еді.
Профессор қазақ тілінің әлемге танымалдылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер мен жобаларды ұсынды. Дәріс оқуға жиналған мұғалімдер қазақ тілін оқытуға қатысты сұрақтарын қойып, профессордың ұсыныстарымен танысуға мүмкіндік алды. Мұндай шаралар тілдерді меңгеру мен мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Сонымен бірге, бұндай іс-шаралардың білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруға және қазақ тілінің халықаралық аренада танылуына септігі тиері сөзсіз.