- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗҰУ-дың «ҚҰРЛЫҚТЫҢ ЭКОЖҮЙЕСІН САҚТАУ» ТДМ АЯСЫНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҚҚА БАРДЫ
ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗҰУ-дың «ҚҰРЛЫҚТЫҢ ЭКОЖҮЙЕСІН САҚТАУ» ТДМ АЯСЫНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҚҚА БАРДЫ
2024 жылдың 6 қазанында қытайтану кафедрасының студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Құрлықтың экожүйесін сақтау» ТДМ аясында Алматы қаласының Ботаникалық бағына барып қайтты. 1 курс эдвайзері Серікқанова А.Ж. студенттермен бірге Ботаникалық бақтың «Табиғат сұлулығы» оранжереясын тамашалады. Бұл өсімдіктер дүниесін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін қорғау, өсімін молайту және пайдалану бойынша зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер жүргізуге арналған табиғатты қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Алматы қаласының Ботаникалық бағын көпшілік «Алматының өкпесі» деп атайды: мұнда Қазақстан, Еуропа, Қырым және Кавказ, Солтүстік Америка және Шығыс Азия флорасының мыңдаған бірегей коллекциясы жинақталған. Ботаникалық бақты аралау кезінде студенттер флораның сирек кездесетін үлгілерімен танысып қана қоймай, таза ауада, жеңіл атмосферада ойын түрінде қытай тілі сабағын да өткізді. Академиялық ақпаратты берудің бұл форматы өте танымдық және қызықты болып шықты. Студенттер пайдалы әрі көңілге жағымды тұстарды ұштастыруға болатын бұл форматты жиі қолдануға ниет білдірді.