25 қазан - Республика күніне арналған тәрбие сағатыFarabi University

25 қазан - Республика күніне арналған тәрбие сағаты

18 қазан, 2024

18 қазан күні - университетімізде Республика күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында биотехнология мамандығының 2 курс студенттері «25 қазан – Республика күні» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

Бүгінгі тәрбие сағаты – Қазақстан Республикасының күніне арналған, тәуелсіздігімізді, ұлттық бірлігімізді атап өтетін ерекше сәт. Тәуелсіздік – бұл ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мұра, сондықтан 25 қазан – Республика күнін жылда еліміздің жетістіктерін атап өтетін күн десекте болады. Өз Отаныңды сүю және қорғау-патриот болу, өз Отаныңмен мақтану, ел заңдарын құрметтеу және сақтау, өз міндеттерін орындау, қоғамдық өмірде белсенді болу.

Қазақстанның әрбір азаматы, сіздер және бүкіл халық еліміздің болашағы! Біздің әрқайсымыз тәуелсіз еліміздің патриоты болуға, оның дамуына үлес қосуға, Қазақстанымызды әлемнің жарқын мемлекеті етуге міндеттіміз.