ҰЛЫ РЕФОРМАТОР ТУРАЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КІТАП ШЫҚТЫ
2015 жылдың 13 қараша күні Ұлттық кітапханада «Ұлы реформатор -Дэн Сяопин» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Қытай тарихында аты алтын әріппен жазылатын ұлы реформатор Дэнь Сяопин туралы кітапты профессор Шын Чуанляң жазған, оны Қадірбек Бөртереұлы бастаған аудармашылар ұжымы қазақ тіліне аударып отыр. Кітап "Орхон" баспасынан жарық көрді. Бұл еңбектің басылып шығуы еліміздегі маңызды мәдени оқиға. Кітап еліміздің қытайтанушылары үшін құнды дүниеге айналары сөзсіз. Дэн Сяопин қытайдың тағдырын түбегейлі өзгертіп, тығырыққа тірелген қытай қоғамын қарқынды дамыған, алып державалардың қатарына қосқан, халықаралық қарым-қатынастарға үлкен бұрылыс әкелген парасатты ұлы саясаткер. Оның реформа идеяларының оқырмандарға беретін тәлімі мол.
Бұл еңбектің жарық көруіне ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігі қолдау көрсетуімен, Бейжиң "Ұлттар баспасы" мен "Орхон" баспасы арасында жасалған келісімшарт бойынша жарияланды. Тұсаукесерге еліміздегі белгілі қытайтанушы, саясаттанушы, тарихшы, жазушы, қоғам қайраткерлерімен қатар ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері де қатысты.
Тұсаукесер жиында «Ұлы реформатор – Дэн Сяопиннің еліне жасаған қызметі» деген тақырыпта негізгі баяндаманы Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының меңгерушісі, "Қазіргі Қытайдайды зерттеу орталығының" директоры профессоры Нәбижан Мұқаметханұлы