КЛИМАТТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРМЕН КҮРЕСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2 қазан, 2024

02.10.2024 ж. «Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау» ТДМ 13-мақсатты іске асыру шеңберінде А.К. Джангабулова «Барлық климаттық тәуекелдерге қарсы күрес» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинардың мақсаты: студенттермен климаттың өзгеруіне және елдегі табиғи апаттарға, олардың тәуекелдерін бақылауға және салдардың алдын алуға байланысты мәселелерді талқылау. Ғылыми семинарда қатысушылар «Жасыл» экономикаға көшуді талқылады: Инвестициялар экономикамыздың барлық аспектілері үшін көміртекті аз қажет ететін экономикаға көшуді жеделдетуі керек. Климаттың өзгеруі барлық континенттердегі барлық елдерге әсер етеді. Бұл елдердің экономикасын бұзады және адамдардың өміріне әсер етеді.