- Басты бет
- Арт орталық
- «МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ!» 1-курс студенттерінің арасында өтетін таланттылар фестивалі басталды!
«МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ!» 1-курс студенттерінің арасында өтетін таланттылар фестивалі басталды!
«МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ!» 1-курс студенттерінің арасында өтетін таланттылар фестивалінің ережесімен таныс болыңыздар!
Фестиваль ұйымдастырушылары: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әлеуметтік-тәрбие департаменті, ҚазҰУ АРТ-орталығы, Жастар ұйымдар комитеті.
Ақпараттық әріптес: Қазақ университеті сайты, «Қазақ университеті» газеті.
Фестиваль мақсаттары мен міндеттері
- сан салалы өнер жарысында өздерін таныта білген талантты жастардың өнері арқылы жаңа Қазақстан жастарының ұлттық рухани өресенің кеңдігін мен биіктігін таныту;
- жыл сайын студенттік көркемөнерпаздар фестивалінің жоғары деңгейге шығып, заманауи күрделі музыкалық-сахналық материалдарды игеру (мюзикл);
- жастардың рухын көтеретін сан қырлы талантты бір арнаға тоғыстырып тұрған өнер әлемінің құдіретін студент жастар арасында кеңінен насихаттау;
- ҚазҰУ студенттерінің адамгершілік құндылықтарын сақтау, олардың арасында ұлттық дәстүрлерді дәріптеу;
- студенттердің өз жеке шығармашылығының қадірін білуі және ұжымдық шығармашылықтың маңыздылығын түсінуі.
Фестивальді өткізу тәртібі
2.1. Фестивальға университеттің 1-курс студенттері қатысады.
2.2. Фестивальға әр факультет «МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ!» тақырыбында 10 минуттық театрландырылған қойылым даярлайды.
2.3.Фестивальге қатасатын талантты студенттердің іріктеуін жауапты мамандар мен студдекандар өз факультеттерінде өткізеді.
2.4.Фестивальдің финалына қатысатын театрландырылған қойылымды ҚР эстрада жұлдыздары мен Әлеуметтік-тәрбие департаментінің директоры, АРТ-орталығының кәсіби мамандары мен Жастар ұйымдары комитетінің төрайымынан құрылған қазылар алқасы бағалайды.
2.5.Байқаудың жеңімпаздары өздерінің өнерлерін Әл-Фараби кітапханасында, 15 қарашада өтетін фестивальдің қорытынды гала-концертінде көрсетуге мүмкіндік алады.
2.6.Фестивальдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.
Фетивальге қойылатын талаптар
3.1. Фестивальге қойылатын талаптар:
- Бір сюжеттік желі арқылы келешекте өз мамандығының қажеттілігі туралы ақпаратты ашу;
- өз мамандығында өзін-өзі дамыту перспективаларын көрсету
- орындау сапасы, ойын-сауық, бейне контент, заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдау, әртүрлі кескіндер/реквизиттер.
- 10 минуттық қойылымда өнердің түрлері мен жанрлар қолдануға болады (би: халықтан қазіргі заманғы билерге дейін; вокал: классикадан қазіргі заманғы әндерге дейін; аспаптық музыка: классикадан қазіргі заманғы әлемдік/әйгілі хиттерге дейін, аспаптардың барлық түрлері, спорттық гимнастика, цирк нөмірлері және т. б.)
- Реквизиттерге ең аз шығындар мен түпнұсқа тәсілдерді пайдалану
Мерзімдері мен кезеңдері
4.1. 10-31 ҚАЗАН аралығында – факультет ішінде замдекандардың, студдекандардың, куратор-эдвайзерлердің жетекшілігімен өнерлі студенттерді дайындау және іріктеу (І кезең)
4.2. 4-10 ҚАРАША аралығында (кесте бойынша) – қазылар алқасы тобының басшылығымен іріктеу (ІІ кезең)
4.3. 15 ҚАРАША – Әл-Фараби кітапханасында финал және марапаттау рәсімі