Қазақ елі ғарыштық державаға айналады
Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби атындағы орталық кітапханасында қазақтың үшінші және «Қазғарыштың» тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы өзінің Халықаралық Ғарыш Бекетіне жасаған сапарына байланысты студенттермен кездесті. Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов және БАҚ өкілдері қатысты.
Ғарышкердің Алматы қаласы бойынша өзге оқу орьщдарына емес, дәл осы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ат басын бұруы да тегін еместі. Өйткені, осы оқу орны ғалымдары әзірлеген «Кулонов плазмалық кристалы» атты тәжірибесі ғарышкердің ұшу бағдарламасына енген еді.
«Кулонов плазмалық кристалы» - университетгің ғарыш саласындағы алғашқы ғылыми тәжірибесі. Аталмыш еңбектін авторы - профессор Тілекқабыл Рамазанов. Оның айтуынша, ғарышта алынған нәтижелер микрогравитация жағдайында униполярлық плазмада құрылып түзілудің негізгі мәселелерін зерттеуге жасалған бірінші қадам болмақ. Сонымен қатар, бұл тәжірибе Ғаламшардың пайда болу құпиясына үңілуге мүмкіндік бермек.
Соңғы уақытта, ҚазҰУ-дың жас ғалымдары отандық ғарышкерлер сапары алдында әзірленетін ғарыш тәжірибесі бағдарламасына атсалысып келеді. Қазіргі таңда олар көміртегі наноқұрылымдар негізінде антифрикциялық материалдар жасау жобасын дайындауда. Сонымен қатар, «Плазмалық кристалл - 4» бағдарламасы және нанокөміртегі материалдары мен сезімтал графенді құралдар бойынша толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Оқу ордасының ғарыш саласындағы тағы бір маңызды бағыты - шағын ұшу аппараттарын жасау. Негізінен, мұндай зерттеу маман даярлау және аса ірі «Ғарыш техникасы мен технологиясы» жобасын жүзеге асыру барысында еткізіледі. Бүгінде білім шаңырағында наноспутниктерді шығару ісі басталып кетті. Бұл тұрғыда жиын барысында ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов: «Қазіргі таңда Қазақстан космостық державаға айналу үстінде. Сол себепті де біз, еліміздің ғарыш саласын қарқынды дамуына үлес қосу үшін жүйелі жұмыстар жүргізіп келеміз. Бүгінті күні университет қабырғасында жасалған қазақтың алғашқы «Фараби - 1» наноспутнигі ғарышқа шығуға дайын тұр. Ал, алдағы уақытта салмағы 50 келі тұратын микроспутникті ғарышқа шығаруды жоспарлаудамыз», - деді.
Осы кездесудің аясында Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Қазақ ұлттық университетіндегі нано-лаборатория мен ғылыми-техникалық паркті және «Керемет» атты студенттерге қызмет көрсету орталығы мен әл-Фараби орталық кітапханасын аралады.
Кездесу кезінде қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовке университет ұжымы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге - 80 жыл» мерейтойлық төсбелгісі мен студенттердің өз қолымен дайындаған ғарышкердің портреті салтанатты түрде табысталды.