ҚазҰУ студенттік кәсіпкерлікті қолдайды

30 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Іске қосу механизмі: табысты стартапты қалай құруға болады?» атты стартап-жобаларға арналған семинар өтті. Онда студенттік кәсіпкерлікті жандандыру және ілгерілетудің жолдары мен әдістері қарастырылды. 

Жоба Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Технологиялар мен креативті индустрияларды коммерцияландыру орталығының тұрақты даму мақсаттары рейтингінде ілгерілету және іске асыру жөніндегі жол картасын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда.

Іс-шараға бизнес саласындағы сарапшылар, басшылық өкілдері, профессорлар, оқытушылар, ғалымдар және университет білім алушылары қатысты.

Маңызды және пайдалы семинарды стартаптар мен инновациялық жобаларды қолдаумен айналысатын коммерцияландыру және креативті индустрия орталығы ұйымдастырды. Орталық сонымен қатар шығармашылық әлеуетті дамыту және идеяларды нарыққа тиімді енгізу үшін ресурстар, кеңестер және білім беру бағдарламаларын ұсынады.

Семинарды Басқарма мүшесі – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмила Айтжанова құттықтау сөзімен ашты. Ол биыл сәуір айында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың жыл сайынғы инновациялық жобалар конкурсы өткенін және оған 58 инновациялық жоба қатысқанын еске салды. Байқау қорытындысы бойынша тоғыз жоба мен екі номинация жеңімпаз деп танылды. Олар диплом және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

«Осындай іс-шараларды ұйымдастыра отырып, университет студенттерді өздерінің инновациялық кәсіпорындарын құруға шабыттандыруға тырысады, осылайша сіздердің әрқайсыларыңыз оқу кезінде өз жұмыс орындарын құру туралы ойланасыз», – деп атап өтті проректор.

Kendala венчурлік CEO компаниясының, университеттің коммерцияландыру орталығының директоры Ерболат Оразбекұлы Тұран инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды, сондай-ақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға арналған бірегей венчурлік платформа құру туралы баяндады. Спикер студенттік кәсіпкерлік пен стартаптарды қолдау қажеттілігіне баса назар аударды және олардың көпшілігі жетілдіруді қажет ететінін жеткізді.

Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі қызмет бойынша Matriz Official халықаралық қауымдастығының вице-президенті, Kazakhstan Smart Space ғарыштық технологиялар және техника жөніндегі халықаралық конкурстардың ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, Global Student Entrepreneur Awards халықаралық сыйлығының ұлттық финалын ұйымдастырушы Владимир Затолокин ғарыш технологиялары саласындағы стартаптардың мүмкіндіктері туралы хабардар етіп, халықаралық ынтымақтастық туралы айтып берді.

Технологиялар мен креативті индустрияларды коммерцияландыру орталығының директоры Алмас Гаухар қазіргі әлемдегі стартаптар мен инновациялық жобаларды қолдаудың маңыздылығы туралы, сондай-ақ креативті индустрияларды дамытуға және технологияларды коммерцияландыруға бағытталған орталықтың қызметі жайында әңгімелеп берді.

«Darin» компаниясының негізін қалаушы «Bugin Holding» компаниясы құрылтайшыларының бірі Орал Актилек EdTech саласында табысты білім беру платформаларын құру және өзекті трендтер туралы өз ойларымен бөлісті.

Іс-шарада сондай-ақ ҚазҰУ-дың Ғылыми-инновациялық қызмет департаментінің директоры Марғұлан Ибраимов, OQU білім беру бағдарламасының негізін қалаушы Роза Байчапанова және басқалар семинар спикерлері ретінде баяндамаларын ұсынды.

Қатысушылар стартаптарды құру мен дамытудың негізгі аспектілерін талқылап, спикерлерге сұрақтар қоюға және жеке ұсыныстар алуға мүмкіндік алды. Семинар сонымен қатар пайдалы байланыстар орнатуға және қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға ықпал ететін желілік сессиялармен жалғасты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі