Джансугурова Лейла Булатовнаның ғылыми үлесі мен жетістіктеріFarabi University

Джансугурова Лейла Булатовнаның ғылыми үлесі мен жетістіктері

31 қазан, 2024

 

     Джансугурова Лейла Булатовна – Қазақстанда және одан тыс шет елдерде генетика ғылымының дамуына зор үлес қосқан молекулярлық генетика және жасуша биологиясы саласындағы танылған атақты ғалым.  Оның білімі, ұйымдастырушылық қабілеті мен ғылымға деген құштарлығы молекулярлық генетика мен биологияның ілгерілеуіне, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді дамытуға және Қазақстанда жас мамандарды даярлауға ықпал етеді.  Халықаралық ғылыми аренада Қазақстанды танытып, дүние жүзіндегі әріптестері мен ғалымдарының құрметіне ие.  Лейла Булатовна еңбектің, білімнің, жігердің арқасында ғылымда биік белестерді бағындырып, тарихта із қалдырудың үлгісі.

     Л.Б.Джансугурова бұл ғылыми семинарда өзінің ғылым жолындағы кездескен қиындықтарын, олармен күресу жолдарын, жеткен жетістіктері туралы өмірлік тәжірибесімен өсіп келе жатқан болашақ жас ғалымдарымызбен бөлісті.

      Елімізде ғылымға бет бұрған әйелдер саны жылдан-жылға артып келеді, олардың үлесі 50 пайыздан жоғары. Қазақстан қазір жаһандық деңгейде осы көрсеткіш бойынша үздік елдер қатарында тұр. Еліміздегі ғалым әйелдер маңызды ғылыми жобаларға жетекшілік жасаумен қатар, қоғамымыз үшін көптеген өзекті мәселені шешуде белсенді рөл атқарып жатыр. Олардың бастамасымен ғылымдағы әйелдер мен қыздарды қолдауға бағытталған жаһандық жобалар елімізде де танымал бола бастады және біршама  университетте гендерлік зерттеулер орталықтары ашылды.Бүгінде ғылыммен айналысамын деген әйел адамына тосқауыл болатын ешнәрсе жоқ. 2015 жылы 11 ақпанды Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні ретінде бекітті. Бұл қадам ғылым, білім және өзге де салаларда әйелдердің жетістікке ерлермен тең жетуін қамтамасыз етуге шақыруды көздейді.