- Басты бет
- Жаңалықтар
- АҚЖ кездесуі: академиялық қауымдастықтықтың су дипломатиясын ілгерілетудегі рөлі
АҚЖ кездесуі: академиялық қауымдастықтықтың су дипломатиясын ілгерілетудегі рөлі
Ташкент, Өзбекстан - 2024 жылғы 29 қазанда USAID су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі аймақтық жобасы (WAVE) мен Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы (РЭЦЦА) бірлесіп ұйымдастырылған Академиялық қауымдастық желісінің (АҚЖ) қатысушыларының кездесуі өтті. Іс-шара Орталық Азияның университеттері өкілдерінің, халықаралық серіктестер мен сарапшылардың қатысуымен гибридті форматта өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орталық Азия Академиялық қауымдастық желісінің (АҚЖ) белсенді мүшесі болып табылады. Бұл кездесуде университет атынан Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Гүлнара Серікбайқызы Байкушикова қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы су дипломатиясын, су ресурстарын, энергетика мен азық-түлікті басқарумен байланысты білім беру мен зерттеулерді ілгерілетудегі Академиялық қауымдастықтың рөлі жөнінде болды. Іс-шара барысында су дипломатиясы саласында мамандар даярлауға бағытталған Орталық Азияның білім беру мекемелерінде жаңа оқу курстары мен бағдарламаларын енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Су дипломатиясы элементтерінің университеттік бағдарламаларға интеграциялануын қолдау үшін қатысушылар Орталық Азияда аймақтық академиялық желіні құрудағы прогресті талқылады. Қатысушылар су дипломатиясы саласындағы болашақ мамандарды даярлауда ынтымақтастық пен бірлескен бағдарламаларды әзірлеудің маңыздылығын, сондай-ақ жоғары оқу орындарының рөлін ерекше атап өтті.
Аймақтың климаттың өзгеруіне төзімділігі мен гендерлік теңдіктің маңыздылығына баса назарға ала отырып, су ресурстарын басқару саласындағы білім беру мен зерттеулердің қазіргі жасалынып жатқан күш-жігеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты, аймақтық және халықаралық жобаларды және су ресурстарын басқарудағы әйелдердің шешуші рөлін талқылады.
Кездесу сонымен қатар Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару және су дипломатиясы саласындағы білім беру бағдарламалары мен көшбасшылық бастамаларды қолдаудағы серіктестердің рөліне арналды. Су ресурстарын басқарудың интеграцияланған тәсілдерін ілгерілету, академиялық ұтқырлық мәселелері және жастарды су дипломатиясына тартудың маңыздылығы талқыланды.
Кездесу қорытындылар мен болашақ жоспарларды талқылаумен аяқталды, оның ішінде аймақтық су шаруашылығы мен экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған білім беру және ғылыми мекемелер арасындағы ынтымақтастықты күшейту жөніндегі ұсыныстар жасалынды.
#АҚЖ #ЮСАИД #РЭЦЦА #АкадемиялықҚауымдастық #ОрталықАзия #АкадемиялықҚауымдастықЖелісі