«Суды үнемдейік» акциясыFarabi University

«Суды үнемдейік» акциясы

29 қазан, 2024

2024 жылдың 29 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті, «Педагогикалық тарих» мамандығының 7M01601 білім беру бағдарламасының бірінші курс магистранттары дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы Мұхажанова Толкын Нұрасылқызының жетекшілігімен «Суды үнемдейік» тақырыбында акция өткізді. Акцияның мақсаты – тұщы судың жетіспеушілігіне назар аударып, студенттер арасында табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болды.

Акция барысында қатысушылар жапсырмалар жабыстырып, тұщы судың тапшылығы, оны үнемдеу және ластанудың алдын алу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, суды үнемдеу мәдениетін бала кезден тәрбиелеудің және су ресурстарын қорғауға арналған қоғамдық іс-шараларға қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Магистранттар суды үнемдеу мен су экожүйелерін қорғау туралы идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісіп, талқылауға белсенді қатысты.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы Мұхажанова Т.Н. магистранттарға белсенді қатысқандары мен суды үнемдеу бойынша құнды ұсыныстары үшін алғыс білдірді. Ол бірлескен күш-жігермен болашақ ұрпақ үшін су ресурстарын сақтауда елеулі табыстарға қол жеткізуге болатынын атап өтті.