- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Даруссалам Гонтор университеті (Индонезия) ғалымдары арасында заманауи ислам филосфиясын бойынша зерттеу мәселелері талқыланды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Даруссалам Гонтор университеті (Индонезия) ғалымдары арасында заманауи ислам филосфиясын бойынша зерттеу мәселелері талқыланды.
7 қараша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Даруссалам Гонтор университеті (Индонезия) ғалымдары арасында заманауи ислам филосфиясын бойынша зерттеу мәселелері талқыланды. Кездесу онлайн форматта өтті. Кездесуге Даруссалам Гонтор университеті ректоры Хамид Фахми Заркасьи, профессор Ахмад Аффанди Махфудз, профессор Сиамасуддин Ариф қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан Философия және саясаттану факультетінің деканы Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы, деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Өсербаев Елдос Нұрланұлы, Философия кафедрасының меңгерушісі Құранбек Әсет Абайұлы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Байжұма Сәмет қатысты. Сонымен қатар, дәл қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы Малайзиядан арнайы қатысты. Кездесуде қос тарап ортақ ғылыми жобалар жаса әрі іске асыру, қос тарап жас ғалымдарының өзара ғылыми тағылымдамадан өту бойынша келісімге келді. Ендігі уақытта тараптар өзара офлайн форматта бас қосып, қос мемлекет арасында академиялық ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.