«ЖасТур» клубының 13 жылдығы атап өтілді
10 қараша күні Рекреациялық география және туризм кафедрасының Қазақстандағы туризм мен спорты дамыту мақсатымен ашылған «ЖасТур» клубының 13 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Бұл шара кафедра оқытушылары Байбуриев Р.М., Бейсахмет А.А., Есенов М.Н., Моминов С.А., Қалиева А.Б., Әділбай Б.С. және жоғарғы курс студенттерінің жауапкершілігімен ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара барысында «ЖасТур» клубы өз қатарларына қосылған 1-курс студенттерін таныстырды. Қазіргі клуб мүшелері өз жоспарларымен бөлісе отырып, көптеген идеяларды ұсынды. Студенттер арасында қызықты жарыстар өткізіліп, сыйлықтар таратылды.
«ЖасТур» – болашағы зор жастар жобалары арқылы Қазақстандағы туризм мен спортты дамытумен айналысатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері құрған жастар ұйымы. ЖасТур клубы мүшелері Қазақстандағы туризмге де, спортқа да қатысты көптеген жобаларға белсене қатысып, еріктілік қызметтерді атқарады.
Басқа жаңалықтар

