Жас оқытушылар мен студенттерге арналған тәлімгерлік мектебі (ТДМ4, ТДМ5)

Молекулалық биология және генетика кафедрасының жас оқытушылары мен студенттеріне арналған тәлімгерлік мектебі аясында ғылыми тағылымдамалар мен іссапарлардың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған ғылыми семинар өтті. Іс-шара БҰҰ-ның ТДМ 5 (Гендерлік теңдік) және ТДМ 4 (Сапалы білім) мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылды.
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Зарема Маратовна Бияшева ғылыми тағылымдамалардағы тәжірибесімен бөлісіп, үйренген әдістерін білім беру процесіне енгізу жолдары туралы баяндама жасады. Ол Мәскеу қаласында (Ресей) Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институтында кеңінен зерттеген C. elegans тест-нысанына кеңінен тоқталды. C. elegans модельдік объектісі арқылы эмбриондық және постэмбриондық даму, жүйке жүйесінің функциялары, жасушалық өлім, РНҚ-интерференция, нейродегенеративті аурулар, мінез-құлық, циркадтық ырғақтар мен ұйқы, эмбриондық даму мен апоптозды (жасушаның бағдарламаланған өлуі) реттейтін негізгі гендер мен молекулалық каскадтарды зерттеуге болады.
PhD, аға оқытушы Мария Александровна Суворова студенттер мен оқытушылар үшін Мәскеу қаласындағы (Ресей) Всересейлік ауылшаруашылық биотехнология ғылыми-зерттеу институтында тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы айтып берді. Аталған институт ауылшаруашылық өсімдіктері мен жануарларының жақсартылған қасиеттері бар перспективалы бастапқы түрлерін жасауға бағытталған жаңа биотехнологияларды әзірлеуге арналған іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Институтта 10-нан астам зертхана бар, олардың ішінде Геномды талдау зертханасы, Өсімдіктер гендік инженериясы зертханасы, Өсімдіктердің ДНҚ маркерлері зертханасы, Астық және бұршақ дақылдарының селекциясына молекулалық қолдау көрсету зертханасы, Маркерлік және геномдық селекция зертханасы және басқа да зертханалар бар.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар

