Адамның өз бойындағы кемшіліктерін жою, оң қасиеттерін дамыту және өзінің өмірлік мақсатын айқындау.Farabi University

Адамның өз бойындағы кемшіліктерін жою, оң қасиеттерін дамыту және өзінің өмірлік мақсатын айқындау.

15 қараша, 2024

2024 жылғы 15 қарашада биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушысы Казакбаева А.Ш. 6B05109-Нейроғылым мамандығының 2 курс студенттерімен «Адамгершілік құндылықтарының мәні. Тұлғаның өзін-өзі тәрбилеуі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді.

    Адамгершілік құндылықтары – бұл адам болмысының ең маңызды негіздерінің бірі. Олар қоғам мен жеке тұлғаның рухани өмірін реттейтін, адамның мінез-құлқы мен әрекеттерін бағыттайтын ішкі ұстанымдар жүйесі. Адамгершілік құндылықтарына адалдық, әділдік, қайырымдылық, жауапкершілік, шыншылдық және мейірімділік сияқты қасиеттер жатады.Олар қоғамдағы бейбітшілікті сақтау, адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, жеке тұлғаның өз әлеуетін толық жүзеге асыруы үшін аса маңызды. Адамгершілік құндылықтары жеке тұлғаны рухани бай, өнегелі, әрі жауапты азамат ретінде қалыптастырады.Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуінің басты мақсаты – адамның өз бойындағы кемшіліктерін жою, оң қасиеттерін дамыту және өзінің өмірлік мақсатын айқындау. Бұл процестің негізгі міндеттері:

  1. Ішкі тәртіпті нығайту: Өз мінез-құлқын, ойлары мен эмоцияларын бақылауды үйрену.
  2. Жеке тұлғалық даму: Білімге құштарлықты арттырып, интеллектуалдық және рухани өсуге бағытталу.
  3. Қоғамға пайда келтіру: Өзін-өзі жетілдіру арқылы қоғам игілігіне қызмет ету, өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас орнату.
  4. Мақсаткерлік: Адамның өмірде нақты мақсаттар қоя білуі және соларға жетудегі табандылығы. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның ішкі жан дүниесін байытып, оның мінезін қалыптастыруға және әлеуметтік ортада табысты болуына септігін тигізеді.