«МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА: ЕРКІНДІККЕ ҰМТЫЛҒАН ЖҮРЕК» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ ШАРА

Тұрақты даму мақсаттары шаралары шеңберінде 2024 жылдың 19 қарашасында Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында қазақтың классик жазушысы Бердібек Солқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Менің атым Қожа: еркіндікке ұмтылған жүрек» атты әдеби-сазды шара өтті. Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр.
Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы, куратор-эдвайзер Әбілдаев Жеңісбек Әкімбекұлы 4 курс студенттерімен бірге ұйымдастырды. Мерекелік шараға Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Эгамбердиев Мырзахан Шәріпбайұлы, факультеттің аға куратор-эдвайзері Еслямгариев Алмас Азаматұлы, кафедраның шақыртылған профессоры Саваш Шахин, кафедраның профессор-оқытушы құрамы, магистранттар, докторанттар және студенттер қатысты.
Іс-шараны Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Эгамбердиев Мырзахан Шәріпбайұлы ашып, Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына шолу жасады. Ол классик жазушының қаламынан шыққан «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» секілді туындылардың балалар әдебиетіне қосылған мәңгілік шығармалар қатарында екендігін атап өтті. Кафедрамыздың қонақ профессоры Саваш Шахин «Менің атым Қожа» шығармасы туралы ой толғап, оның түрік тіліне аударылуы турасында сөз қозғады. Аға куратор-эдвайзер Еслямгариев Алмас Азаматұлы «Менің атым Қожа» секілді әлемдік шедеврдің жас буынды тәрбиелеудегі рөлін баса айтты.
Әдеби-сазды іс-шарада «Саржайлау», «Туған ел», «Бақыт деген» әндері орындалып, жалпы Қожаның күлкілі қылықтары сомдалды. «Бақыт деген не?» поэтикалық қойылымы орындалып, Бедібек Соқпақбаев туралы видеоролик көрсетілді. Менің атым Қожа романы және фильмі туралы презентация дайындалып, қызықты ойын ойнатылды. Жеңімпаздарға тәттілер үлестірілді.
Әдеби-сазды шараға 4 курс студенттері жан-жақты дайындалып, оның мерекелік күйде өтуіне үлкен мән берген. Әдеби-сазды шара «Менің атым Қожа» фильмінің ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріндегі көрсетілімін тамашалаумен аяқталды.
Куратор-эдвайзер Әбілдаев Жеңісбек
Басқа жаңалықтар


