- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Сапалы білім беру» ТДМ аясында қытайтану кафедрасында ілеспе аударма туралы ғылыми семинар өтті
«Сапалы білім беру» ТДМ аясында қытайтану кафедрасында ілеспе аударма туралы ғылыми семинар өтті

2024 жылдың 19 қараша күні қытайтану кафедрасында аударма мамандығының 3 курс докторанты Шарыпова Анара «Қытай тілінен ілеспе аударманың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында ілеспе аударма қызметі, оның анықтамасы мен түрлері жан-жақты қарастырылып, ілеспе аударманы жүзеге асырудың жабдықтары мен барысы көрсетілді; Қытай тілінен ілеспе аударманың ерекшеліктері қарастырылды. Докторант аударманың осы саласында қолданылатын стратегиялар мен әдістер туралы айтып өтіп, ілеспе аударма процесінде туындайтын қиындықтар туралы, сондай-ақ оларды жеңу әдістері туралы айтты. Семинар соңында баяндамашы қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Ғылыми семинарға шығыстану факультетінің оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.
Басқа жаңалықтар

