«Cloud Services Kazakhstan» ЖШС стратегиялық жобалар жөніндегі директорының факультет магистранттарымен кездесуіFarabi University

«Cloud Services Kazakhstan» ЖШС стратегиялық жобалар жөніндегі директорының факультет магистранттарымен кездесуі

12 қараша, 2024

12 қарашада «Cloud Services Kazakhstan» ЖШС стратегиялық жобалар жөніндегі директоры Жанар Рахымжанова «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының магистранттарымен кездесу өткізді.

Жанар Рахымжанова ханым білім алушыларға Яндекстің ТМД аясындағы жобалары, заманауи технологиялар қоғамның өзекті мәселелерін шешуге қалай көмектесетіні туралы айтып берді. Магистранттар басқа жобалардың болашағы, компания қызметі, іскерлік мәдениет туралы сұрақтарын қойды.