"Студенттер терроризмге қарсы: саналы қарсы тұруды қалыптастырудың жолдары" атты дөңгелек үстел өткізілдіFarabi University

"Студенттер терроризмге қарсы: саналы қарсы тұруды қалыптастырудың жолдары" атты дөңгелек үстел өткізілді

22 қараша, 2024

2024 жылғы 22 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде қоғамның тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында "Студенттер терроризмге қарсы: саналы қарсы тұруды қалыптастырудың жолдары" атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар ФжПФ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы А. А. Булатбаева, ФжПФ 2 курс докторанты А. К. Жомартов болды. Іс-шараға ҚР ҰҚК Академиясының, Қазақ спорт және туризм академиясының және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысты. 
Спикерлер болғандар: Шаймолданов Болат Шаймолданович, ҚР ҰҚК Академиясының оқытушысы ("Студенттерді радикалдандырудың кейбір аспектілері"); Жанзаков Еркебулан Абдразакович, ҚР ҰҚК Академиясының оқытушысы ("Қазақстандағы діни-экстремистік ұйымдардың мүшелерін тарту әдістерінің ерекшеліктері"); Рсаев Мадияр Карибаевич, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты ("Терроризмнің түрлері мен формалары"). Талқылауларға қатысқандар: педагогика және білім беруді басқару кафедрасының меңгерушісі Әлғожаева Нұрсұлу Сейіткерімқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия және саясаттану факультетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Булатбаева Айгүл Абдимажитовна, меңгерушінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Дуйсенбаев Абай Қабақбаевич, Қазақ спорт және туризм академиясының оқытушысы, PhD докторы Зауренбеков Бауыржан Зауренбекович, студенттер мен магистранттар.
Баяндамаларда патриоттық тәрбиенің маңыздылығы және деструктивті мінез-құлық үлгілерін дамытуға қарсы іс-қимылдың негізгі факторы ретінде отбасылық тәрбиенің ұлттық дәстүрлерін дамытуға қажеттілігі атап өтілді, әлеуметтік желілердегі манипулятивті механизмдерге қарсы іс-қимыл мен сыни ойлау дағдыларын дамыту бойынша ұсыныстар берілді.