ТДМ – 4. Ғалым Жұмабек Омарұлы Кенжалиннің 70 жылдығына арналған іс-шара

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы 2024 жылдың 23-қарашасы күні сағ.10.00-де конференция өткізді. Халықаралық ғылыми-пркатикалық конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы аясында өтті. Қоғам қайраткері, журналист, публицист, ғалым Жұмабек Омарұлы Кенжалиннің 70 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция тақырыбы «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: БАҚ менеджменті мен маркетингі және PR» және III Кенжалин оқулары.
Жұмабек Кенжалин ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының доценті, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. «Саяси менеджмент және баспасөздің жұрштылықпен байланыс мәселелері» атты оқу құралы, сондай-ақ ақпараттық менеджмент пен маркетинг бойынша жасаған ғылыми-әдістемелік талдамалары бүгінде факультет педагогтары мен студенттерінің игілігіне қызмет етуде.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті билік өкілдері, отандық ғалымдар, БАҚ басшылары мен тілшілері, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатысты. Конференция материалдары жинақ болып жарық көрді.
Қалиакпар Данара Қылышбекқызы,
ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация
кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық
және ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, PhD докторы
Басқа жаңалықтар

