- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының 4 бағытының «Сапалы білім беру» негізінде «Тұлғаның әлеуметтік және эмоциялық интелектісінің дамуына қарым- қатынастың психологиялық әсері» тақырыбы бойынша іс-шара өткізілді.
Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының 4 бағытының «Сапалы білім беру» негізінде «Тұлғаның әлеуметтік және эмоциялық интелектісінің дамуына қарым- қатынастың психологиялық әсері» тақырыбы бойынша іс-шара өткізілді.
25.11.2024ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінде, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорлары: Н.Қ.Тоқсанбаева, Н.С.Жубаназарова және 3- курс докторанттары Ж.М.Молбасынова, Қ.К.Сайлинованың ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – дың 90 жылдығына орай «Тұлғаның әлеуметтік және эмоциялық интелектісінің дамуына қарым- қатынастың психологиялық әсері» атты халықаралық дөңгелек үстелі өтті. Кафедрамыздың меңгерушісі, профессор, п.ғ.д. Айгерим Казиевна Мынбаева дөңгелек үстелге қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Дөңгелек үстел қонағы Туркия мемлекеті, Анкара қаласы, Гази университетінің профессоры Южель Гелишли «Оқушыларда әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды дамыту» бағдарламасының талқылауымен басталды. Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің 3 курс докторанты К.Б.Каланходжаева функционалдық асимметрия профилінің әртүрлі типтері бар студенттердегі эмоционалды интеллекттің ерекшеліктерін анықтаудағы тәжірибесімен бөлісті. Жетісу университетінің профессоры, пс.ғ.д. Х.Т.Наубаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қауымдастырылған профессоры, пс.ғ.к. Ш.Т.Турдалиева, Нұр Мүбәрак университетінің PhD докторы, қаумдастырылған профессор А.А.Төлегенова қазіргі заманғы эмоциялық интеллекттің заманауи стратегиясы туралы ғылыми жұмыстарымен таныстырды. Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебінің оқытушысы Н.Т. Жүндібай «Ауыл мектебі жағдайында оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыра отырып, эмоционалды интеллектісін дамыту» атты ғылыми жоба бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелерін ортаға салды. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, п. ғ. к. З.М. Садвакасова адамның аутодеструктивті мінез-құлқымен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері туралы мәліметтерге тоқталды. Дөңгелек үстел бүгінгі білім мен ғылымның дамуына сүбелі үлес қосатындай тың мәселелерді қозғады.