Сәкен Сейфуллин: әдеби мұра және оның тұрақты дамуға қосқан үлесі» тақырыбында пікірталас алаңыFarabi University

Сәкен Сейфуллин: әдеби мұра және оның тұрақты дамуға қосқан үлесі» тақырыбында пікірталас алаңы

17 қараша, 2024

Биотехнология  кафедрасында ҚР Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 4,11) қол жеткізу бағдарламасы аясында «Сәкен Сейфуллин: әдеби мұра және оның тұрақты дамуға қосқан үлесі» тақырыбында пікірталас алаңы өткізілді. Шара мақсаты: студенттерді Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесін талқылау, сонымен қатар жазушы шығармашылығын Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) білім беру және мәдени мұра контекстінде байланыстыру. Өткізілетін орыны мен уақыты: 28-ші қазан 2024 жыл,  Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасы, 412 ауд. Ұйымдастырушылар: куратор-эдвайзерлер С.Ш. Асрандина, С.Д. Атабаева және «6В070103» – биотехнология ББ 1, 4 курс студенттері.