Әлемдік бестселлерлерді қазақ тіліне аудару мәселелері
«ТДМ 4. Сапалы білім беру» аясында филология факультетінде белгілі аудармашы Динара Мәзен "Әдебиеттану" мамандығының 4-курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында студенттер аудармашының көпшілік оқырманға кеңінен белгілі аудармалары «Хәрри Поттер», «Нарния шежіресі» кітаптар серияларының, Тоғжан Қасенованың Семей полигонының қасіреті жайындағы «Атом улаған дала», Мәтт Хейгтің «Түн ортасындағы кітапхана» кітаптарының аударылу барысы туралы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Аудармашының шығармашылық лабораториясы, қазақ аудармасы саласында жақын жылдарда жасалуы керек жұмыстар жөнінде тәжірибелі маманмен пікір алмасты. Кездесу соңында аудармашы осы салада талаптанып жүрген студенттерге өз ақыл-кеңесін айтып, жылы лебізбен қорытындылады.