Шылым шегуден бас тартуға шақырамызFarabi University

Шылым шегуден бас тартуға шақырамыз

23 қараша, 2024

       2024 жылдың 23 қарашасында Геодезия және Картография мамандығының 1-курс студенттерімен "Шылым шегуден бас тартуға шақырамыз" тақырыбында эдвайзерлік сағат өтті. Іс-шара тұрақты даму мақсаттарының денсаулық пен амандықты қамтамасыз етуге бағытталған 3-мақсаты аясында ұйымдастырылды. Студенттер шылым шегудің денсаулыққа, қоршаған ортаға және қоғамға зияны туралы пікір алмасты. Темекі өндірісінің экологияға кері әсері мен тұрақты өмір салтына қайшы келетін тұстары талқыланды. Зиянды әдеттерден арылудың тиімді әдістері ұсынылып, бейнематериалдар көрсетілді. Студенттер бұл тақырыпта өз ойларын ашық білдіріп, темекіден бас тартуға белсенді қолдау көрсетті. Бұл шара салауатты және тұрақты қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болды.