Қарасай петроглифтері және Жамбыл облысындағы ғылыми зерттеулер нәтижелеріFarabi University

Қарасай петроглифтері және Жамбыл облысындағы ғылыми зерттеулер нәтижелері

21 қараша, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №11 "Тұрақты қалалар және елді мекендер" бағыты аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен ағымдағы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан Жамбыл облысында орналасқан Қарасай петроглифтерін зерттеу және нысанды бейімдеу бойынша конкурстық негізде жұмыстар жүргізілді. Қарасай шатқалында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Жартас жауһарлары» және «Қарасай петроглифтері» атты үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) түрлі-түсті иллюстрациялы ғылыми-көпшілік кітап жарық көрді. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы петроглифтерді сипаттайтын танымдық-деректі фильм түсірілді.

Осыған орай, Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында өткен «Талас – Ұлы өркениеттер тоғысында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде тарихи нысан бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарын таныстыру мақсатында, Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Досбол Сүлейменұлы Байгунаков 21 қараша күні Тараз қаласына іссапармен барды.