«Ашықтық және этика: студенттер сыбайлас жемқорлықпен күресуге қалай ықпал ете алады?» тақырыбындағы кездесуFarabi University

«Ашықтық және этика: студенттер сыбайлас жемқорлықпен күресуге қалай ықпал ете алады?» тақырыбындағы кездесу

30 қараша, 2024

2024 жылғы 30 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы бойынша сарапшы, РЕСВ сертификатталған маманы және ISO 37001 халықаралық стандартын енгізу бойынша жетекші маман Туменбаев Сабыр Әшірбайұлымен кездесу өтті. 

Іс-шараны 4 курс «Педагогика және психология» және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының кураторлары К. А. Есенова мен Э. Т. Баярыстанова БҰҰ-ның «Бейбітшілік, сот төрелігі және күшті институттар» атты 16-шы тұрақты даму мақсатын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, жастардың білім беру саласындағы және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырды.  

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы әділеттілікке, экономикалық тұрақтылыққа және әлеуметтік институттарға деген сенім деңгейіне әсері жөніндегі мәселелер қозғалды. С.А.Туменбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру қағидаттары туралы егжей-тегжейлі айтып, парасаттылық идеологиясын және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Студенттер диалогқа белсенді қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күресудің практикалық әдістері және жас ұрпақтың ашық және әділ жүйені құруға қалай ықпал ете алатындығы туралы сұрақтар қойды. Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудегі жеке жауапкершіліктің мәні туралы хабардарлықты арттыруда маңызды қадам болды.