
2024 жылдың 29 қарашасында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Шортанбай Шоқан Амангелдіұлы мен «8D02304 — Әдебиеттану» мамандығының докторанты Әметова Гүлсім Тінейбекқызының ұйымдастыруымен Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің «6B02306-Әдебиеттану» мамандығының 3-курс студенттері барып қайтты. «Тұрақты даму мақсаттарының 4- бөлімі — Сапалы білім беру» аясында болған іс-шарада білім алушылар ұлттық мәдениетімізбен сусындап, мұражаймен танысты.
Шараның мақсаты — жастарды ортақ мақсатқа, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды насихаттай отыра серіктестікті нығайту. Білім алушылар Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына, Гулфайрус Исмаилованың 95 жылдығына арналған «Ұлағатты ұрпақ» атты Республикалық есептік көрмені тамашалап, өнер туындыларымен, олардың тарихымен танысты. Тек мұражайдағы өнер мен мәдениеттен хабар алып қана қоймай, жоғары оқу орындары арасындағы байланыс, достық қарым-қатынастың нығаюына себепші болды. Кездесу жоғары деңгейде болып өтті. Қос білім ордасы арасындағы байланыс алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Шохан Шортанбай, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы