- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2024 жылдың 3 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша аға кеңесшісі Нураддин Муршудлу «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне онлайн дәрісті өткізді.
2024 жылдың 3 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша аға кеңесшісі Нураддин Муршудлу «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне онлайн дәрісті өткізді.
2024 жылдың 3 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша аға кеңесшісі Нураддин Муршудлу «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне онлайн дәрісті өткізді. Экономикалық және экологиялық мәселелер ЕҚЫҰ-ның жан-жақты қауіпсіздік тұжырымдамасының «екінші өлшемін» құрайды. Дәріс «Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік негіздері» пәнін оқитын 4-курс студенттері үшін өте пайдалы болды, өйткені ол Қазақстан Республикасында қауіпсіздіктің экономикалық және экологиялық өлшеміндегі ЕҚЫҰ қызметі туралы ақпаратты тікелей халықаралық ұйым өкілінен білуге мүмкіндік берді.
Дәріс барысында Нұраддин Муршудлу Орталық Азиядағы су ресурстарына қатысты мәселелерді шешудегі ЕҚЫҰ жұмысының маңызды аспектілеріне тоқталды. Дәрісте Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының атқарған жұмысының нәтижелері, тау экожүйесін сақтау, Амурдариядан су бұру арқылы Ауғанстандағы Күш-Тепа каналын салудың салдары сияқты нақты тақырыптар қарастырылды.
ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік пен қоршаған орта арасындағы байланысты растауы тұрақты даму тұжырымдамасының қалыптасуынан ертерек басталды, дәлірек айтсақ, 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінен басталады. ТДМ-ны іске асыру жөніндегі жаһандық пікірталасқа қатыса тұра, ЕҚЫҰ су ресурстарын басқару, апаттар қаупін азайту, климаттың өзгеруі, қалдықтарды реттеу және энергетикалық қауіпсіздік сияқты салаларда белсенді жұмыс атқарады. 2030 күн тәртібі ЕҚЫҰ-ға оның жаһандық тұрақты даму күн тәртібін ілгерілетудегі рөлін бағалауға және күшейтуге мүмкіндік береді.