Ақпараттар дәуіріндегі ресми ісқағаздар аудармасының рөлі

13 қараша, 2024

ТДМ 4. Сапалы білім беру» аясында 13 қараша күні филология факультетінде ресми ісқағаздар аудармасы саласының маманы Гүлзат Қаспақбаева "Әдебиеттану" мамандығының 4-курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында аудармашы «Qazminerals» компаниясындағы аударма процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен күрделі жобалардағы тәжірибесін баяндады. Атап айтқанда, аударма маманы синхронды аударма кезінде жұмысшылар мен басқарма арасындағы түсініспеушілік пен тілдік кедергілердің туындауы мүмкін екенін және осындай жағдайларда аудармашының кәсібилігі аса маңызды рөл атқаратынын айтты. “Аудармашының басты міндеті – тек тілдерді байланыстыру ғана емес, мәдениеттер арасындағы көпір болу”, – дейді ол. Кездесу соңында шара қонағы аударма саласының болашағы зор екенін және бұл саладағы әр маманның жоғары кәсіби деңгейі халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.