Механика-математика факультеті мен Әл-Фараби кітапханасының бірлескен шарасыFarabi University

Механика-математика факультеті мен Әл-Фараби кітапханасының бірлескен шарасы

4 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 3 желтоқсанында Механика-математика факультетінің 1 қабатында Әл-Фараби кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған маңызды шара өтті. Бұл іс-шара барысында факультетіміздің соңғы 5 жылда шығарылған ғылыми жұмыстары ұсынылды. Презентацияға қатысушылар факультетіміздің математикалық және механикалық бағыттарындағы ғылыми зерттеулерді қамтитын кітаптармен танысты. Бұл жұмыстарды факультетіміздің оқытушылары (ОПҚ) мен студенттері жасаған.

Презентация студенттер мен оқытушыларға (ОПҚ) жаңа ғылыми басылымдармен танысуға мүмкіндік берді, сондай-ақ факультетіміздің ғылыми зерттеулерінің ғылымның әртүрлі салаларына қосқан үлесін түсінуге септігін тигізді. Бұл шара қатысушылардың қызығушылығын тудырып, олар үшін құнды ақпарат көзі болды, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді тереңдетуге және білім беру сапасын арттыруға ынталандырды.

Мероприятие барысында факультетіміздің ғылыми жұмыстарының жаһандық тұрақты даму мақсаттарымен байланысы ерекше аталып өтті. Факультетіміздің ғылыми қызметі ТДМ 4 "Білім беру сапасы" мақсатымен тікелей байланысты, себебі бұл жұмыс студенттер мен оқытушыларға (ОПҚ) дамуға қажетті білімдер мен ресурстарды ұсынуға мүмкіндік береді. Факультетте жүргізілетін зерттеулер ТДМ 9 "Индустриализация, инновациялар және инфрақұрылым" мақсатымен тығыз байланысты, себебі математика мен механика саласындағы зерттеулер жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізуге ықпал етеді, олар өнеркәсіпте және басқа салаларда қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, Әл-Фараби кітапханасымен ынтымақтастық ТДМ 17 "Тұрақты даму мақсатында серіктестік" мақсаттарының іске асырылуының үлгісі болып табылады, себебі бұл ғылыми және білім беру бастамаларын жүзеге асыру үшін білім мен ресурстарды алмасуға мүмкіндік береді.

Механика-математика факультеті ғылыми қызметті белсенді түрде дамытып, студенттер мен оқытушыларға (ОПҚ) тиімді жұмыс жасау үшін жағдай жасауда, сондай-ақ жетекші ғылыми мекемелер мен кітапханалармен ынтымақтастықты қолдауда. Біз мұндай іс-шаралар факультеттің дамуына ғана емес, ғылыми қауымдастық арасындағы байланыстарды нығайтуға да ықпал ететініне сенімдіміз, бұл алдағы уақытта прогреске алып келеді.

Барлық қатысушыларға жаңа зерттеулерге шабыт, оқу мен ғылыми қызметте табыс тілейміз!