«Бета-клетка қызметіне әсер ететін энергияға тәуелді белок модификациясының тербелісін зерттеу» тақырыбы бойынша Докторлық СеминарFarabi University

«Бета-клетка қызметіне әсер ететін энергияға тәуелді белок модификациясының тербелісін зерттеу» тақырыбы бойынша Докторлық Семинар

5 желтоқсан, 2024

3 курс докторанты Нармуратова Гульжан «Бета-клетка қызметіне әсер ететін энергияға тәуелді белок модификациясының тербелісін зерттеу» тақырыбында баяндама жасады. Студенттер белсенді түрде қатысып, ғылыми жобаларға қатысты сұрақтар қойып, құнды пікірлерімен бөлісті.

Диссертация тақырыбы өте өзекті болды, нәтижелері белсенді түрде талқыланды. Кафедра доценті Басығараев Ж.М. тарапынан докторантқа жасуша ішіндегі инсулин секрециясының механизмдері туралы сұрақтар қойылды. Ғылыми семинарға докторанттың шетелдік кеңесшісі, Бостон университеті, Медицина мектебінің (АҚШ) профессоры, др. Джуд Дини де қатысты.

Семинар кафедраның зерттеулерді дамытуға және ғылыми білімді кеңейтуге деген ұмтылысын атап көрсетті.

 Microsoft Teams платформасында онлайн форматта өткен іс-шара биология, биомедицина және нейрология салаларындағы студенттер мен оқытушылар арасында ғылыми алмасу және ынтымақтастыққа арналған интерактивті орта құрды.