Мұхитдинов оқулары - 2024: Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетілдіру мәселелеріFarabi University

Мұхитдинов оқулары - 2024: Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетілдіру мәселелері

25 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 25 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және университеттің 90 жылдығы аясында «Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетілдіру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция Қазақстанның экологиялық заңнамасын жаңарту және оның тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған маңызды алаңға айналды. Аталған шараға еліміздегі және шетелдегі танымал заңгерлер мен экологтар, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары қатысты.

Конференция барысында экологиялық заңнамадағы өзекті мәселелер, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық реттеу, сондай-ақ халықаралық тәжірибелердің Қазақстанда қолданылуы жайлы жан-жақты талқылаулар болды. Қатысушылар экологиялық құқықты жетілдіру бойынша ұсыныстар жасап, табиғат қорғауды қамтамасыз етуде заңнаманың рөлі мен маңыздылығын атап өтті. 

Бұл ғылыми-тәжірибелік конференция еліміздің экологиялық саясатын жетілдіруге бағытталған үлкен қадам болып, қазақстандық және халықаралық сарапшылардың тәжірибесін біріктіру үшін тиімді алаң болып табылды.