Малайзиядағы тағылымдамаFarabi University

Малайзиядағы тағылымдама

14 желтоқсан, 2024

 

Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2 курс PhD докторанты Қабылбаева Нұргүл Құлмырзақызы диссертациялық ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында 03.11.2024-14.12.2024 жж. аралығында Малайзия мемлекетінің астанасы Куала-Лумпур қаласындағы, Малай Университеті, Исламтану академиясы, Ислам тарихы және өркениеті кафедрасында тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама профессор, PhD Мохд Рослан Бин Мохд Нордың жетекшілігімен және Болашақ бағдарламасымен аталмыш университетте білімін шыңдап жүрген дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызының атсалысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  Тағылымдама барысында Малай университетіне арнайы Иран, Ұлыбритания, Индонезия және Тайланд елдерінен келген профессорлардың қатысуымен өткен семинар-конференцияларға қатысып, зерттеу тақырыбына мұрындық болатын құнды ақпараттармен сусындады. Малай түбегінде, Малайзиядағы Қазақстан елшілігі мен осы елдегі қазақ диаспорасының ұйымдастыруымен алғаш рет Оңтүстік-Шығыс Азия елінде “Қазақтар құрылтайы” өтті. Құрылтайға Малайзия, Оңтүстік Корея, Сингапур және де елімізден арнайы шақыртылған қонақтардың қатысуымен қазақтың мәдениетін, тілі мен ділін насихаттау, әрі қазақ диаспоралары арасында ұмыт қалмауы үшін ұйымдастырылған рухани жиын болды. Сонымен қатар «Қазақ мәдениетінің апталығы» үлкен деңгейде аталып өтілді. Тағылымдама аясында академиялық кітапханада эмпирикалық деректер жинақталды, шетелдік ғылыми жетекшімен докторанттың диссертациялық зерттеу жұмысы талқыланып, пысықталды. Бұл ғылыми тағылымдама халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға  мүмкіндік берді.