- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Бекет Ғалымжанұлы Нұржанов: шығармашылық кеңістігі» халықаралық дөңгелек үстел
«Бекет Ғалымжанұлы Нұржанов: шығармашылық кеңістігі» халықаралық дөңгелек үстел

2024 жылдың 14-желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің 90 жылдығы аясында көрнекті ғалым, профессор Бекет Ғалымжанұлы Нұржановты еске алуға арналған «Бекет Ғалымжанұлы Нұржанов: шығармашылық кеңістігі» халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген мәдениеттану саласындағы жетекші мамандар қатысты.
Дөңгелек үстелді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасының орынбасары - Бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы Еркін Дүйсенов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы-Ректоры Жансейіт Қансейітұлының құттықтау сөзімен бастады.
Іс-шара бағдарламасы бойынша философия мен мәдениеттану тоғысындағы пәнаралық зерттеулерді қамтыған кең тақырыптарды қамтыды. Іс-шара модераторы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекжан Берікбайұлы Мейрбаев болды.
Халықаралық дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары ғалымның шығармашылық және өмірлік жолына, мәдениет философиясының өзекті мәселелері мен ғалымның қазақстандық мәдениеттану ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан шығармашылық үлесі, сондай-ақ мәдени білімнің мәдени-философиялық әлеуеті және XXI ғасыр өркениетінің сын-қатерлері тақырыбымен қатар постмодернизм мәдениетінің философиясы,Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогы контексіндегі Қазақстандық ұлттық идея мәселелері талқыланды.
Негізгі баяндамашылардың қатарында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті, философия ғылымдарының докторы, философия кафедрасының профессоры - Колумбаев Бисембай Ерғалиұлы «Цикл, уақыт» мәселелеріне тоқталса; Алматы қ., ҚР ҰҚК, 5 Шекара академиясының арнайы кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Молтобарова Күмісбала Ищанқызы –Ұлы тұлғаның мәдениеттанулық ойлары туралы сөз қозғады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Қиыр Шығысты зерттеу кафедрасының философия докторы (PhD), корейтану кафедрасының доценті Мионг Сун ОК – «Identity politics of Koreans in Kazakhstan» тақырыбында баяндама жасады; Алматы қаласы Қазақстан Неміс университеті Әлемдік саясат факультетінің қауымдастырылған профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Мямешева Ғалия Хамзеевна «Постмодерн әрқашан бар» тақырыбында баяндаса, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Г.К. Абдигалиева - профессор Нуржановтың шығармашылығындағы саяси философия сұрақтары тақырыбын қозғады.
Іс-шараға келген қонақтар Бекет Ғалымжанұлы Нұржанов шығармашылығы мен өмір жолы жайында әріптестері мен жақындарының жылы естеліктерімен бөлісті.
Іс-шара соңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Темірбек Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледж студенттерінің музыкалық бағдарламасымен аяқталды
Іс-шара білім алмасу мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаңға айналды және қатысушылардың жоғары бағасын алды. Ұйымдастырушылар құнды баяндамалары мен пікірлері үшін барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, дөңгелек үстел нәтижелері болашақ ғылыми зерттеулердің негізі болатынын атап өтті.
Аталмыш іс-шара Тұрақты даму мақсаттары» жобасының «Сапалы білім» мақсаты аясында өткізілді.
Дөңгелек үстелді ұйымдастыруға: Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Исмагамбетова З.Н. -философия ғылымдарының докторы, профессор, Құдайбергенов С. Е. - магистр, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2-3 курс докторанттары Базашева С., Хасиетова Ж. Ж., Нарымбаев Қ. қатысты.
Басқа жаңалықтар


