- Басты бет
- Жаңалықтар
- Факультетімізде ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсаттары» аясында Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің маңызды танымдық дәрісі өтті
Факультетімізде ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсаттары» аясында Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің маңызды танымдық дәрісі өтті

24 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті Ташкент мемлекеттік шығыстану университетімен бірлесе отырып танымдық дәріс ұйымдастырылды. Дәрісте Филология ғылымдарының докторы, профессор Улфатзон Мухибованың «Махабхаратаның жазба әдебиеттің қалыптасуына әсері» және PhD, аға оқытушы Насиба Абдуганиеваның «Үнді әдебиетінің Индонезия фольклорына әсері» атты баяндамалары тыңдалды.
Талқыланған тақырыптар қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, дәріс Азияның әртүрлі аймақтары арасындағы тарихи-мәдени өзара әрекеттесуді терең түсінуге бағытталды. Дәріске факультетіміздің үндітанушы оқытушылары мен студенттері, оның ішінде Г.Е. Надирова, Б.Ш. Батырхан, Б.К. Базаркулова, З.Е. Искакова, С.А. Исмагулова, Д.М. Кокеева және А.А. Еслямгариев. Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, баяндамашыларға сұрақтар қойып, үлкен дәрежеде өтуімен ерекше болды.
Бұл онлайн-кездесу Орталық Азиядағы білім беру мекемелері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту және мәдениеттер арасындағы диалогты дамытудағы кезекті қадам болды. Мұндай бастамалар білімді тереңдетуге, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және аймақтық университеттер арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.