ТДМ 3 «Денсаулық пен амандық»Farabi University

ТДМ 3 «Денсаулық пен амандық»

9 қаңтар, 2025

Қазақ Ұлттық университеті ТДМ (3) «Денсаулық пен амандық» аясында өткен 51-ші «ДЕНСАУЛЫҚ» спартакиадасына «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушылары Тәуекелов Н.Б., Ондашұлы Е., Жайнақ А. белсене қатысты.

Заң факультетінің 70 жылдық мерейтойы аясында Спартакиадаға қатысушыларға деканат ұжымы атынан арнайы дайындалған бейсболка, футболка, термобутылка және рюкзак сумка сияқты сыйлықтар табыс етілді.

Мини-футболдан 20 команда қатысқан бәсекеде, Заң факультеті 1-орынды иеленді. Алдағы спорттық шаралардан әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы