Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің оқытушыларына арналған Қысқы мектеп  ұйымдастырылды.Farabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің оқытушыларына арналған Қысқы мектеп  ұйымдастырылды.

20 қаңтар, 2025

География және табиғатты пайдалану факультетінде 08.01.2025-15.01.2025 жж. аралығында «Оқытушылардың оқытылатын пәндері бойынша силлабустың оқыту нәтижелері мен жетілдіру индикаторларын құрастыру дағдыларын қамтамасыз ету» тақырыбында Қысқы мектеп ұйымдастырылды. Бұл шара оқытушыларға көктемгі семестрге жан-жақты дайындалуға, өзара тәжірибе алмасуға және оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуде маңызды дағдыларды меңгеруге бағытталды. Қысқы мектепті білім беру және сапасы бойынша Академиялық комитеттің төрайымы, профессор Ә.Ғ. Көшім өткізді. Бұл шараның тиімділігінің бірі-ол әр кафедра бойынша бөлек өткізілуде.

Қысқы мектептің негізгі мазмұны Силлабус және оқу-әдістемелік кешендерді (ПОӘК) құрастыруға арналды. Бұл құжаттардың әрбір бөлігін талқылау барысында профессор Көшім оқытушыларға олардың маңыздылығы, құрылымы және оқу процесіндегі рөлі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, оқытушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, силлабусты әзірлеудің озық әдістері, студенттердің білімін бағалау критерийлері, сабақ жоспарларын құру және оқу нәтижелерін қалыптастыру сияқты мәселелерді талқылады.

Қысқы мектеп барысында қатысушылар силлабустарды және ПОӘК құжаттарын әзірлеу кезіндегі қиындықтарын ортаға салып, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастырды. Профессор Көшім әрбір сұраққа нақты мысалдар келтіріп, сапалы оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қажетті кеңестер мен ұсыныстар берді. Сондай-ақ, қатысушыларға халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, оқу бағдарламаларын жетілдірудің заманауи тәсілдері таныстырылды.

Оқытушылар қысқы мектептен үлкен тәжірибе алып, өздерінің кәсіби дағдыларын арттырды. Әсіресе, силлабус пен ПОӘК құрастыру бойынша алынған білім көктемгі семестрдің сапалы әрі нәтижелі өтуіне ықпал ететіні сөзсіз.

Бұл қысқы мектеп оқытушылар арасында белсенді пікір алмасу және тәжірибе бөлісу алаңы ретінде маңызды рөл атқарды. Мұндай іс-шаралардың өткізілуі факультетіміздің академиялық дамуына зор үлес қосады және білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қысқы мектепті жоғары деңгейде ұйымдастырып, пайдалы ақпаратпен бөліскені үшін профессор Ә.Ғ. Көшімге және барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.