Адал адам- әділетті Қазақстан тақырыбында дебат конференциясыFarabi University

Адал адам- әділетті Қазақстан тақырыбында дебат конференциясы

20 қаңтар, 2025

20 қаңтар 2025 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының асс. профессоры з.ғ.к. Мұқалдиева Г.Б. Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында, Алматы прлитектикалық колледжінде құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын алдын алу, құқықтық мәдиениетті қалыптастыру, әділетті заң, әділетті - Қазақстан құру мақсатында кездесу өткізіп, студенттер мен Адал адам- әділетті Қазақстан тақырыбында дебат конференцияға қатысып, арнайы іс-шара өткізді.

Қазақстан Республикасы Президенті-ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: “негізгі мақсат- Әділетті Қазақстанды құру. Оның негізі- адал адамды қалыптастырудан басталады”,-деп атап көрсеткен. Сондықтан адал адамды қалыптастыру негізі- бұл құқықтық сауаттылық пен мәдениет қалыптастыру ол – әділет жолының, адам, қоғам, мемлекет мүддесінің үйлестірушісі, заңдылық пен демократияның даму негізі болып табылады. Осыған орай еліміздің әрбір азаматты өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, әрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын берік ұстанып, құқықтық мәдениет пен әділетті қоғамды қалыптастыруға үлес қосуы керек.Сонда ғана мемлекетіміз саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамып, тәртіп нығаяды. Қазіргі заман адамдарға жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді, себебі Қазақстанның даму деңгейі қоғам өмірінің барлық саласына терең өзгерістер енгізуде. Елеулі өзгерістердің бірі – демократиялық-құқықтық мемлекет құру. Сол себепті қазіргі заман тұлғасы сана-сезімі жоғары, өз іс-әрекетіне жауапты, әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделе алатын, өз шешімін қабылдай алатын азамат болуы тиіс. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің негізі зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде қалыптастыруды басты мақсат етіп отыр. Бұл мақсатты жүзеге асырудың тетігі жастар екендігі белгілі. Сондықтан да жастардың құқықтық білімі мен тәрбиесін жетілдіруге, адами құндылықтарды бойларына сіңіру, адам ретінде қалыптасуына қажетті іс шаралар аса қажет.«Құқықтық сауаттылық – қазіргі заман талабына сай құқықтық тәрбие үдерісі, құқықтық сауаттылық, құқықтық мәдениеттілік. Әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан хабардар болғаны дұрыс. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланыстылығын аңғартады. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Адал азамат ғана, әділетті қоғамға қол жеткізеді. Дебатқа үш топ қатысты: Парасат, Азамат, Ақиқат. Студенттер өз ойларын ортаға салып ғана қоймай, Әділетті Жаңа Қазақстанды құру тетіктері мен алғышарттарын көрсетіп, құнды пікір таластар жүргізді, өзара сұрақ, жауап қою арқылы қазіргі уақытта әділетті Қазақстанды құру, кемшіліктерді жою, кемшіліктерді жоюға қажетті қараларды күшейту, құқықтық сауаттылықты арттыру сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Іс шара қортындысында тұлғаның құқықтық сауатын арттыру, құқықтық санасы мен мәдениетін көтеру, білімді, сауатты болу, еңбекқорлық, адал кәсіппен ас тауып жеу, адамның басты құндылығы және осы қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына тәрбие ретінде сіңіріп ғана қоймай, жалпы қоғамға қалыптастыру қажеттігі айтылды. Шара соңында дебат қортындысы шығарылып, негізгі ұсыныс қортындылар мен ұтымды ой түйіндер тұжырымдалды, дебатқа қатыскшы топтарға 1.2.3 дәрежелі дипломдар табыс етілді.